МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

Уақыты: 07.10.2019
Оқылды: 708
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының қоғамдағы маңызы зор. Мағынасы тым терең. Жолдау Мемлекет басшысының сайлау алдындағы бағдарламасындағы бірқатар бастамалары мен тың ұсыныстары көрініс тапқандығымен де құнды деп білеміз.


Асыл еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық саланың тамырына қан жүгіртіп, тың серпін беретін, халық игілігін көздейтін тарихи құжатта Қазақстанның даму жолындағы бес басты бағыты айқындалды. «Заманауи тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтықтары қауіпсіздігін қаматамсыз ету», «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі», «Қуатты аймақтар – қуатты мемлекет» сынды маңызды бағыттарда бүгінге дейін қордаланып қалған маңызды мәселелерді халық пен билік өкілдері бірлесе отырып, жоспарлы түрде шешу жолдары нақты белгіленді.

Президент Жолдауы қазақстандықтардың жүрегінен жол тапқан тарихи құжат. Онда азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау сапасы туралы мәселе көтеріліп, бейбіт митингілерді заң аясында өткізуді қолдайтыны айтылып, егер олар заң аясынан шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, өткізу үшін арнайы орын бөлу қажеттігін де атап өтті. Сонымен қатар, жұртты елең еткізген жағымды жаңалық,    Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсақ және шағын бизнес компанияларын 3 жыл мерзімге негізгі қызметінен салықтан босатудың заңнамалық негізін әзірлеуді тапсырды. Келер жылдан бастап ұсақ және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылға тыйым салу туралы шешім күшіне енеді. Ал енді халықты ерекше сезімге бөлегені – Мемлекет басшысының: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деп атап өтуі. Өйткені, тіл дамыса, тіл өркен жайса қазақ халқының дәстүрлі өнері қарқынды дамымақ. Өнері озған елдің берекесі артып, ырысы еселеніп, ұлттық сезімі де нығаймақ. Бұл тұрғыда да жанға жылы тиген бір дүние – бабаларымыздың ұлы тойын ел болып атап өту. Президент тарихи құжатта: «Ендігі жылы бәріміз әл-Фарабидің 1150 жылдық,  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек», – деп  ерекше атап  өтті. Міне,  осының өзі жарқын жолға бағыт алған бейбіт елдің өнерінің өріс алып, тілі мен мәдениетінің экономикасымен қатар дамитындығына айқын дәлел болса керек.

Әли АЛПЫСБАЕВ,
облыстық мәслихат депутаты