МЕКТЕП МЕРЕЙІ

Уақыты: 19.10.2019
Оқылды: 1324
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Панфилов ауданы «Сатай батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 50 мұғалім оқушыларды білім нәрімен сусындатып отыр. Мұғалімдердің санатына келетін болсақ: жоғары санатта – 8, бірінші санатта – 19, екінші санатта – 13, жалпы санатты – 10. 


Тоғыз пән бірлестігі жұмыс атқарады. Ал жұмыстың сапалы да жемісті болуына басшылық жасап, басы-қасында жүретін мектеп директоры  Нұргелді Ноғаев.
«Жақсы мұғалім маған әр уақытта қат, қымбат, өйткені, ол мектептің жүрегі», – деген екен ағартушы педагог Ы. Алтынсарин. Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен  жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен әлемдік чемпионатта оқушымыз Сабаз Бағдат Төлегенұлы бас жүлдені алып қайтты. 

Осындай оқушыларымыздың биіктен көрінуіне ықпал еткен ұстаздарымыз да марапатқа ие болды. Атап айтсақ, қашықтық пән олимпиадасына оқушы қатыстырғаны үшін Алғыс хатпен – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Садыкова және Ж. Қадырахынова, орыс тілі пәнінің мұғалімдері П. Болатаева мен  А. Са­ды­­қова, баста­у­ыш сынып мұғалімдері Ғ. Бел­­денбаева, М. Майманчиева, математика пәнінің мұғалімдері Р. Алмабекова мен Ғ. Ноғаева, информатика пәнінің мұғалімі К. Жартыбаева, тарих пәнінің мұғалімі Қ. Өлеңбаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Л. Абделдаева мен  Н. Қадырахынова марапатталды. Арнайы Құрмет грамотасымен бастауыш сынып мұғалімдері   Н. Омарова,С.Сегізбаева, Г.Са­­­ғымбек,Ғ. Белденбаева,  С. Те­­мірбекова ма­рапатталды.

Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «URKER MITEC» орталығы ұйымдастырған байқауға қатысып, С. Сегізбаева, Ә. Ора­зымбекова, Г. Сағымбекова  2-орын иеленсе, Н.Омар­ова,С.Темірбекова, М. Майманчиева,  Ж. Дүйсебекова 3-орынмен марапатталды.

«Шәкіртіз – ұстаз тұл» демекші, ұстаздар әрдайым озық ойлы шәкірттерімен мақтанады. Шәкірттеріміз биіктен көріне берсін. 

Ерқалым БОРАНБАЙ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
    Панфилов ауданы