КӨККЕ ӨРЛЕГЕН КӨК ТУЫМ

Уақыты: 04.06.2016
Оқылды: 2402
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Кеше ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыс орталығындағы «Жастар» саябағында ұзындығы 25, ені 12 жарым метрді құрайтын Қазақстанның алып Туы көтерілді. Елдік пен егемендіктің рух берген нышаны 92 метр биіктікте желбіреді. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ пен Талдықорған шаһарының басшысы Бағдат ҚАРАСАЕВ, облыстық басқарма қызметкерлері, сондай-ақ, қала тұрғындары қатысты.

Тәуелсіз Қазақ­станн­ың мемле­кеттігін айқындайтын мереке құтты болсын! Дана хал­қымыз «Туған жерге туың­ды тік» дейді. Олай болса, Жетісу­дай жер жаннаттына алып ту тігу – біз үшін асқан абырой, зор мәртебе. Тудың кең­дігі – еліміздің дар­қан­дығы, биіктігі – мәр­тебесінің асқақтауы. Біз үшін Мемлекеттік рәміздер – ұлттық тұтастықтың ке­пілі. Көк тудың тұғырын биіктету – Қазақстанның ертеңгі тізгінін ұстаған, болашақтың иесі – жас­тарға аманат. Ел іргесі биік, заманымыз тыныш болсын, – деді облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде. Туды тұғырға көтеру ша­расынан кейін Мемлекеттік Гимн шырқалып, Ұлы Дала елінің рухы асқақ­тады.

Мерекелік шарада теа­тр­лан­дырыл­ған көрініс қо­йы­лып, танымал өнер жұл­дызы Ескендір Ибрагимов «Көк тудың желбірегені» әнін орындады. Сонымен бірге, тарихи сәттің құр­метіне орай «Талдықорған әуендері» этногра­фиялық халықтық ансамблі «Қа­зақстан – Нұрсұлтан» әнін шырқады. Концерттік бағ­­дарлама бұдан кейін «Жас­тар» сая­бағының ор­талық алаңында жал­ғасты.

Қазақстандықтар пат­риоттық се­зім­мен ерекше атап өтетін ең маңызды мерекелердің бірі – ҚР Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылдың төр­тінші маусымында елі­міздің рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл айтулы күн тарихта жаңа мем­лекеттік рәміздер күні ретінде алтын әріппен жа­зылды. Сондықтан да Жетісудың бас қаласы Талдықорғанда орна­тыл­ған Ту тұғырының биіктігі 92 метр деп алынған. Ал ұзындығы Тәуел­сіздіктің 25 жылдығын білдіреді.

Мемлекеттік Ту, Ел­таңба және Гимн – халқы­мыздың мызғымас негіз­дерінің бірі. Жиналған көпшілік тәуелсіз елдің көк аспанында желбіреп, асқақ рух бе­ретін Туы­мыздың тұғыры биік бо­луын ті­ле­ді. Гимніміз қа­шанда әлемдік дең­гей­дегі шараларда шарықтай шырқа­лып, Елтаңбамыз тек төрден орын теп­сін.

Меруерт МОЛДАҒАЛИЕВА