«ІНДЕТПЕН КҮРЕС КЕЗІНДЕ КӨЗ ЖҰМДЫ»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Уақыты: 10.07.2020
Оқылды: 2435
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгін Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов дүниеден өтті.

Қайғылы жағдайды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады.

- Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық (...) Пневмония, - деген Ғ.Жүкелдің сөзі inform.kz сайтына шықты. 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты. «Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды», - деп жазды А. Баталов фейсбуктегі парақшасында.

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарады. Үш баланың әкесі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"