АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АУРУХАНАДАН ШЫҚТЫ: «ІНДЕТПЕН КҮРЕСТІ ЖАЛҒАСТЫРМАҚПЫН»

Уақыты: 12.07.2020
Оқылды: 1519
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты. Ол туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

- Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін.
Ал, ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым, - деген облыс басшысы енді жұмысқа кірісетінін жеткізді.

- Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін,  - деді Амандық Ғаббасұлы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"