БӘСЕКЕГЕ БӘС ТІГІП

Уақыты: 13.04.2017
Оқылды: 1215
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

БӘСЕКЕГЕ БӘС ТІГІП
(Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай)

Адамзат атаулыға өркениет ұрығын сепкен тұрлаулы тұрандықтар кемінде алты мыңжылдық көлемінде басынан сөз, жерінен бір кез асырып көрмегендіктен һәм тіршіліктің сан тарау ақ бастауларын жарқырата ашып бергендіктен Еуразия кеңістігі Ұлы Дала деп аталған! Дүние қозғалысының бір толқынында сол киелі жердің қақ ортасында қара шаңырақты иеленіп отырған Қазақ елінің тәуелсіздік алуы әлем тарихындағы жарқын да жаңа жылнама дер едік! Сөйтесіз де мынау жарқылды жаһандағы мыңжылдықтар төрінде тарихтың ауық-ауық қайталанып отырарына имандай илананасыз.
Байтақ мекенімізді бүгінгінің Өтүкеніне айналдырған Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһанға тарап отырған жарқын үлгісі бәрімізге талмай, танбай көзтігер темірқазық! Түркілік асыл құндылықтарға адалдық таныту арқылы Мәңгілік Ел идеясын мемлекеттік идеологияның алтын арқауына айналдыра білген Елбасымыз тәуелсіздік теориясын өз жүрек төрінде тудырды және сол жайнақ бейнеде жүзеге асырды да! 
Жұртшылық қызу талқылауға кіріскен бұл мақала Н.Назарбаевтың осыған дейінгі ойы ордалы еңбектерінің табиғи түрдегі жалғасы. Бастан кешіп жатқан өмір салты, тұрмыстық жайттарға тән түйіткілді қағидаттарды қайталай еске салғаны қандай орынды. «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді» – деп атап көрсетілген. 


Әміре ӘРІН,
Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы.