Қайраткерлерді қабылдады

Уақыты: 11.06.2016
Оқылды: 1630
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жақында облыс әкімі Амандық Баталов Алматы­дағы өкілдігінде бірқатар әдебиет және өнер қайрат­керлерін қабыл­дады. Олардың ұсы­ныс-пікірлеріне ден қой­ды. Емен-жарқын отырып кеңінен әңгімелесті.

– Сіздердің еңбектеріңіз ұл­ты­мыздың рухани саласын ны­ғайтуға зор үлес қосқаны бел­гілі. Сол арқылы оқыр­ма­н­да­рыңызды, көрермендеріңізді елдік пен ерлікке бау­лы­дыңыз­дар. Адамгершілікке тәр­бие­ледіңіздер. Шығар­ма­шы­лық­та­рыңыз мемлекет тарапынан лайық­ты бағаланды. Тәуел­сіз­дікпен бірге ержеткен жаңа ұрпақтың ұлттық танымына оң әсер етіп жатырсыздар. Мұның бәрі аз жұмыс емес.

Сіздерге сәлем беру, сіз­дерді іздеу – біздің парызымыз. Сіз­дермен дидарласу үшін Ал­матыға келгеніміз де сон­дық­тан, – деді Амандық Ғаббасұлы.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Мар­фуға Айтқожина облыс әкімінің мұндай ықыласты қабылдауына ризашылығын білдірді. Еге­мен­діктің арқасында еркін сөй­леуге мүмкіндік алған жыр жо­лындағы бүгінгі ізбасарларына қызыға қарайтынын айтты. Тәуел­­сіздік аясында қазақ поэ­зия­сы жан-жақты жетіліп, жаң­ғыра бере­тініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, 80 жылдық мерейтойының жақындап қал­ғанын да құлаққағыс етіп, облыс басшысына өзінің шығармалар жинағын сыйға тартты.

Қазақстанның халық әртісі Сә­бит Оразбаевты да әкім зор құр­мет­­пен қарсы алды. Қазақ театр өне­ріндегі ол кісінің сіңірген еңбе­гін атап көрсетті. Көрнекті актердің өне­гесі кейінгі толқын үшін де ес­кір­­мейтін үлкен мектеп. Кешегі алып­­тар тобының көзін көрген ар­да­гер ағаның жолы да, жөні де бөлек.

Облыс әкімі бұдан кейін Қа­зақ­­станның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шаханов­пен әңгіме­лесті.

Арқалы ақын өлең мен қа­ра­сөз­ді кезек толғап, ұлтқа деген сүйіс­пеншілігі мен жанашыр­лы­ғын паш етті. Өтпелі кезеңнің ал­ма­­ғайып сәттерінде сындарлы оқи­­ғалар­дың ортасында болған ке­зең­дерін еске түсірді. КСРО Жо­ға­ры кеңесіне Алматы облы­сынан де­пу­­таттыққа түскенін, же­тісулық­тар­­дың оны ерекше қол­дағанын те­­бі­рене әңгіме­ле­ді. Ұлтын сүю – Отанын сүюдің басты белгісі екен­дігін айтты. Өйт­кені ана­сын қа­­дірлеген пер­зент барлық ха­лық­тың бауы­ры.

Әңгіме барысында облыс басшысы ақын шығармала­ры­ның кітап болып басылып шы­ғуына уәде берді.

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реа­ты, әйгілі әнші Нұрғали Нү­сіп­жанов халық шығармашы­лығындағы ұлттық бояуларды сапалы жаңғырту – бүгінгі тол­қынның басты міндеті екеніне тоқталды. Осылай деумен қа­тар, өзі туып-өскен Кербұлақ ауданында алма бақ өсіргенін тілге тиек етті. Соған қолдау көрсетсе деген ұсынысын алға тартты.

– Елбасымыз Астана маңын жасыл желекке айналдырды. Сол ну ормандардың арасымен жүр­ген сәтте бойыңды ерекше се­зім билеп, шабытыңа шабыт қосылады. Сол сияқты, мен де туған жерімде алма бақ отыр­ғызуды қолға алған бола­тын­мын. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Шамам келгенше, сол өсиет­ті орындап жүрген жайым бар, – деді Нұрғали аға.

Арнайы келген бұл сапа­рын­да облыс әкімі әдебиет пен өнер қайраткерлерінің ұсыныс-тілек­тері мен орамды ойларын ықы­ласпен тыңдап, руханият әле­мінің көшбасында жүр­ген аға буынға зор денсаулық, шы­ғармашылық табыс тіледі.

Болат МӘЖИТ