АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 52 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ БАСПАНА КЕЗЕГІНЕ ЖАЗЫЛҒАН

Уақыты: 20.02.2021
Оқылды: 1197
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында баспана кезегінде 51 800 адам тұр. Ал жер алуға 154 200 адам өтініш берген. Бұл жөнінде облыс әкімі Амандық Баталовтың Қоғамдық кеңес алдындағы есебінде айтылды.

- Өткен жылы 2395 отбасы баспанамен қамтылды. Оның 1258-і көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасы. Олардың ішінде 180 отбасы меценаттардың қолдауымен үйлі болды. Биыл 1 млн.шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде, 191 мың шаршы метр баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолға алынады. Сондай-ақ, 1390 пәтерлік 37 коммерциялық үй салынады. 3731 отбасы баспаналы болады, - деді Амандық Баталов.

Биыл 3731 отбасы баспаналы болатынын мәлім еткен өңір басшысы, оның ішінде, 1906 адам «Бақытты отбасы», «7-20-25», «Шаңырак» бағдарламалары арқылы жаңа үй алатынын атап өтті. «Баспана кезегінде тұрған халықтың саны көп болғандықтан құрылыс қарқынын үдету керек», - деді Алматы облысының әкімі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан