Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

БІР ОРЫНҒА 6 ҮМІТКЕРДЕН: АУЫЛ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАЛАСАТЫНДАР ТАЛҒАРДА КӨП

Уақыты: 25.07.2021
Оқылды: 801
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында осы уақытқа дейін 74 мың 897 адам өз кандидатына дауыс берді.

Бүгін ауылдық округ әкімдерінің алғашқы сайлауы өтуде. "JETISÝ MEDIA" алаңындағы брифинг барысында айтылған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 25 шілде, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 74 мың 897 адам сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл сайлаушылардың жалпы санының немесе тізімге енгізілгендердің 34 пайызын құрайды.

Айта кетейік, 220 000 жетісулық өз әкімін сайлайды. Облыста барлығы 235 кандидат тіркелген. Олардың ең көп саны Талғар ауданында. Онда 1 орынға 6 үміткер таласады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"