ПАСПОРТ ПЕН ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ РӘСІМДЕУДЕ QR-КОД ҚОЛДАНА АЛАСЫЗ

Уақыты: 20.10.2021
Оқылды: 1518
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды QR-код арқылы төлеуге болады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Құрметті қызмет алушылар!  Енді барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды кассаға жүгінбей, QR-код арқылы төлеуге болады. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері - 584 тг, паспорт үшін - 23 336 тг. Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде клиенттер 146 мемлекеттік қызмет түрін осы тәсіл арқылы төлей алады. Айта кетейік, мемлекеттік тізілімдегі 690 қызметтің 662 қызмет түрі корпорация арқылы көрсетіледі", - делінген ресми хабарламада.

Төлем Homebank және Kaspi.kz қосымшалары арқылы қолжетімді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"