ЖАСТАРҒА ЖӘРДЕМ БЕРДІ

Уақыты: 05.09.2017
Оқылды: 1269
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Нұр Отан» партиясының «Сәтті қа­дам» жо­басы аясында «Жастар бо­ла­ша­ғы» тақы­ры­бымен Сарқан ау­да­нын­да бос жұмыс орындар жәр­мең­кесі өтті.  

Шара барысында аудандық партия филиа­лы­ның есеп және статистика секторы, аудандық жұмыспен қамту орталығы мамандары кеңес бер­ді. Сонымен қатар, басқосу барысында жас­тарға жұмыс берушілер қатарында орталық ау­рухана, аудандық білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Сарқан су құбыры», «Сарқан жылу» кәсіпорны, «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көр­сету орталығының өкілдері шақыртылып, жұ­мыссыз 90 адамға көмек көрсетілді.

Сарқан ауданы бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы жұмыс­сыз­дар саны 1169 адамды құрады. Жұмыс іздеп тіркелгендердің саны – 523. Оның 37-сі жас­тар тәжірибесіне, 43-і әлеуметтік жұмыс ор­ны­на, 303-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 76-сы қыс­қамерзімді кәсіптік оқуға, 81-і тұрақты жұ­мысқа орналастырылды. Барлығы 540 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздар есебінде та­ғы 345 адам тұр, – дейді аудандық жұмыс­пен қамту орталығының директоры  Мадияр Қожахметов.

«Сәтті қадам» жобасы аясында Елба­сы­ның саясатын жастарға түсіндіру, мемле­кет­те жүріп жатқан жұмыстарды кең көлемде насихаттау – басты бағыт. Білім беру, мә­де­ниет саласында және өнеркәсіпте, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, басқа да сала­лар­дың дамуына жастар өз үлестерін қосуы ке­рек. «Жас Отан» жастар қанатының ақпа­рат­тық бағытын кеңейту, жаңа жобалар ая­сында ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыс­та­рын толықтай жаңа форматқа көшіру керек. Бұл жайында «Нұр Отан» партиясы Сарқан ау­дан­дық филиалының есеп және статистика сек­то­рының меңгерушісі Бауыржан Жантасов айтты.

Жәрмеңке барысында 20 адам қайта даярлау курсына жолдама алды, 3 адам аудандық білім бө­ліміне қарасты орта мектептерге орна­лас­тырылып, 1 адам «Сарқан су құбыры» кә­сіп­орнына жұмысқа қабылданды. 30 адам ақылы қо­ғамдық жұмысқа тартылып, 8 адам жастар тә­жірибесі бағытымен әртүрлі мекемеге жұмысқа орналастырылды. Ал 28 адамға заң аясында тегін кеңес берілді.

Бағдагүл АХМЕТЖАНОВА,

«Нұр отан» партиясы

облыстық филиалының баспасөз хатшысы.