ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАЙТА ЖҮРЕ БАСТАДЫ - ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК

Уақыты: 11.01.2022
Оқылды: 1414
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған қаласында қоғамдық көліктер қайта жүре бастады. Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімдігі мәлімдеді.

"Бірақ автобустардың барлығы емес, тек жартысы ғана жұмысқа шығады. Жағдайға байланысты автобустардың саны арта береді. Автобустар сағат 8:00-18:00 аралығында жүреді", - деді Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми өкілі Нұр Қанатұлы. Сондай-ақ, ол бағаның негізсіз өскеніне куә болған тұрғындарды шұғыл түрде хабарлауды сұрады.

"Құрметті қала тұрғындары! Азық-түлік, газ, жанармай, дизельдік отын бағасының өскенін көрсеңіздер, мына телефондарға хабарласуды сұраймын: +77786681841, +77755926169 (азық-түлік бойынша), +77172749914 (газ, дизельдік отын, бензин бойынша). Қоңырау шалған кезде Талдықорған қаласының тұрғыны екеніңізді айтуыңыз тиіс", - деді Нұр Қанатұлы.

Шеру кезінде бүлінген, сынған, қираған, тоналған кәсіпкерлік нысандарының иелері мына телефондарға хабарласа алады: 87784101784, 87784101736, 87784101758, 87781897134, 87781087589, 87781261839, 87781243803, 87758605879, 87781933487.

Әкімдік өкілі сенбі-жексенбі күндері Талдықорғанда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтетіні туралы хабарлады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"