Тұрғындарды қабылдады

Уақыты: 19.09.2017
Оқылды: 1063
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалының мәжіліс залында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша  азаматтарға арналған «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өткізілді.

Шараға қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г. Ибраимова, қалалық кәсіпкерлер палатасы басшысы Т. Жұмаділов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е. Абдалиев,  қалалық кәсіптік бөлімі басшысы Ә. Үсенов, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы  Ж. Қапалов және тұрғындар қатысты.  
Акция барысында азаматтарға Елбасы Жолдауында көрсетілген негізгі тапсырмалардың орындалуы туралы кеңінен ақпарат берілді. «Нәтижелі жұмыспенқамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы атқарылып жатқан жұмыстармен жан-жақты таныстырып, әртүрлі тақырыпта кеңес берілді. Текеліліктер өздерін мазалаған сұрақтарға тұшымды жауап алды. 

Шора БАТЫРБАЕВ.
Текелі қаласы.