Қайырымды жан көрсеңіз...

Уақыты: 28.09.2017
Оқылды: 1490
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Өкінішке қарай, соңғы жылдары қайырымдылық баға жетпес құндылықтар тізімінің соңынан ғана көрініп жүр. Мұның себебі, адамзаттың пендешілікке салынып, әркімнің өз қара басының қамын ойлауымен байланысты. Жылына 300-ден астам сәтті аяқталған отаны ақысыз жасаған дәрігерді, қарттарға, жетімдерге әлеуметтік қолдау жасайтын ұстаздарды, мемлекеттік немесе жеке мекемелерге тұрақты түрде қаржылық көмек көрсететін шенеунікті немесе мүмкіндігі шектеулі балаларға патронаттық ата-ана атануға бел буған отбасын біздің қоғамда кездестіру сиреп бара жатыр. 

 

Көп жағдайда азаматтар қайырымдылықты оң қолыңмен жасағанды сол қолың білмесін дегенге келтіріп, үнсіз іске асырады. Көмек көрсетілді, ешкімге жарияланбады. Осындай ескілік ұғымға сенуді жалғастыра берсек, қайырымдылық таңдаулылардың еншісі деген түсінік қалыптаспақ. Бұрыннан қалыптасқан сұрақтарға көзқарасымыз құбылып, құндылықтар өзгерді. Өзгеріске ұшырамайтын басты қағидат – бұл адамның мейірімділігі. Өмірдің мың құбылған жайттарына қарамастан, мұқтаждарға көмек қолын созуға даяр алтын жүректі азаматтар табылып жатады. Осындай өр тұлғалы азаматтардың арқасында біз күнделікті өмірімізді жалғастырып, мұқтаждарға үміт сәулесін сыйлаймыз. Ал «Атымтай Жомарттың» атағы дүниенің бар байлығынан артық!
Жыл сайынғы «Алтын жүрек» қоғамдық ұлттық сыйлығының мақсаты  – қайырымдылық әрекеті қоғам дамуына баға жетпес, құнды үлес қосып жатқан ұйымдар мен азаматтарға іздеу салып, мадақтау. 
Өмірде қайырымдылық пен мейірімділікке орын бар. Егер сіз жетімдерге, жетімдер үйі мен интернаттарына, білім, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау саласына қайтарымсыз көмек көрсетіп жүрген азаматтарды танып-білсеңіз, бізге хабарлаңыз, ал біз елге атағын жариялаймыз! Елімізде мейірімділік қызметті жүзеге асыратын азаматтардың саны арта берсін!
Іріктеу туры басталды, сыйлықты ұйымдастыру комитеті қазірден бастап өтініштерді қабылдауда. Жеңімпаздарды марапаттау 2017 жылдың 27 қазанында өтеді.

Өтініштер 8(727)315-15-11 телефоны бойынша немесе info@altynzhurek.kz электрондық мекенжайына қабылданады.