Әлеуметтік қызметтің жаңа бағыты

Уақыты: 30.09.2017
Оқылды: 1348
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғам көзқарасы өзгерген сайын оларға әлеуметтік көмек көрсетудің қолайлы түрлерін іздеу аса қажет. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік-әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. 

Әлеуметтік көмек – бұл экономикалық жағдайы төмен, әлеуметтік әлсіз, психологиялық жағынан әлсіз адамдар тобына әлеуметтік ортада қалыптасуын жақсартуына бағытталған қызмет көрсету кешені. Ол зейнетақы төлемін қосымша төлеу мен, сондай-ақ, ұзақ қызмет көрсетуімен (медициналық, психологиялық, құқықтық, педагогикалық және т.б) сипатталады. Бұл үрдіс үздіксіз жүйелі түрде ұйымдастырылу қажет. Оның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу. Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету институты толығымен ұйымдастырылмай және әр тұлғаның жеке әлеуметтік қажеттіліктерін анықтау жұмысы толық жүргізілмеген. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» ҚР заңына байланысты 2003 жылдан бастап мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды бейімдеу жұмысы алға басты. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің орны ерекше. Өйткені, әлеуметтік-педагогикалық қызмет адамның өмірлік жағдайларымен, экономикасымен, құқығымен, білім алуымен тығыз байланысты. 
Әлеуметтік қызмет көрсету нысаны – біріншіден, мұқтаж азаматтардың тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету; 
Екіншіден, қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет сапасын ұлғайту;
Үшіншіден, қызмет алушыларға категорияларына байланысты шағын үйлерден бастап, үлкен интернаттар және әлеуметтік қызметтердің басқа да түрлерімен өзгерту болып табылады.  
Бұл салада отандық және шетелдік озық тәжірибелер енгізілетін болады. Жоғарыда айтып өткендей әлеуметтік қызмет көрсету нысанын одан әрі жаңғырту мақсатында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа бағыттары енгізілуде. 
Мобильді қызметтерді енгізу – бұл қызмет шалғай ауылдарда тұратын қызмет алушыларға техникалық-компенсаторлық заттарды, гигиена заттарын, т.б керек құралдарын жеткізіп беру үшін осындай мобильді әлеуметтік қызметкерлер мен почта қызметкерлері жұмыстары енгізілетін болады.  
Жырақтағы ауылдық елді мекендердегі мүмкіндігі шектеулі адамадарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін кеңейту күшейту және жақсарту үшін, әлеуметтік қызмет көрсететін ұйым жаңа шарт бойынша мемлекет, азамат және отбасымен тығыз жұмыс жасайтын болады. Себебі, бұл  жағдайда адам өзінің жекебасының мәселесін шешуде белсенділік көрсететін болады және жекебасының құқығын талап етеді. Бұл адамның бойындағы ерік-жігерді, өзіне деген сенімділікті арттыру үшін жасалады. Үйден қызмет алу мүмкіндігі кеңейтіледі: Қызмет алушының қажеттілігіне және сұранысына қарай арнайы және кешенді қызмет көрсетілетін болады. Сонымен қатар қызмет қызмет алушының отбасындағы қолы бос адам қызмет алушыға қарайласа отырып, жұмыс істеп ақша таба алады. Тіпті қызмет көрсетуші тарапынан ақысыз оқуларға, курстарға баруға мүмкіндік алатын болады. Үйден қызмет алушылар міндетті түрде әлеуметтік-медициналық ұйымға тұрғылықты мекенжайы арқылы тіркеледі. 
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жаңғыртудың негізгі жеті бағыты бар: 
Жырақтағы ауылдық елді мекендегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік қызмет корсету, күшейту және жақсарту; 
нормативтік-құқықтық базаны жаңарту;
әлеуметтік қызмет көрсету саласында бірыңғай информациялық жүйе ойлап табу;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын жаңарту;
әлеуметтік қызмет көрсету саласында кадрмен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту; 
әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қаржыландыру механизміне өзгерту енгізу;
жергілікті басқару органдарының ребрендингі (ребрендинг – яғни жаңа брендті ойлап табу мен шығару процесі). 
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жаңғыртудың негізгі жеті бағытын негізге ала отырып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты «мүгедек балалар» және «мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы Заңын негізге ала отырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін кешенді түрде шешу болып табылады. 
 
Жібек Әлкенова, 
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы.