ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ 200 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ПӘТЕР ЖАЛДАП ТҰРАДЫ

Уақыты: 31.07.2022
Оқылды: 1800
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған қаласының әкімі болып жақында тағайындалған Әсет МАСАБАЕВ Tengrinews.kz тілшісіне тұрғылықты жері туралы айтып берді.

Әсет Масабаев қаланың беделді аудандарының бірінде үш бөлмелі пәтерді 200 мың теңгеге жалдап тұрып жатыр. Әкім қалада жалға алу бағасы тым жоғары деп есептейді.

"Басында 210 мың болатын, қазір жалдау ақысы 200-ге дейін төмендеді. Бұл екі жатын бөлмесі мен залы бар үш бөлмемелі пәтер үшін. Демалыс күндері отбасым келеді, қазір ағам менімен бірге тұрады", - деді Талдықорған қаласының әкімі.

Әкім өзінің жеке көлігі туралы да айтты. Әкім 2021 жылғы "Mitsubishi Pajero" көлігін несиеге алғанын айттыі. Нарықта мұндай көліктің бағасы 19 миллион теңгеден басталады. Әкім, сонымен бірге, Талдықорғанда заңсыз берілген пәтерлер бойынша тексеріс жүріп жатқанын алға тартты.

"2013 жылдан бері бөлу процесі тиісті тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізбей, шешім шығармай, тек жалға беру шарттарын беру бойынша жүргізіліп келеді, бұл өз кезегінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына қайшы. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр, жарты жыл бойы біз басқа да деректерді анықтап, заңсыз алынған пәтерлерді қайтарамыз", - деді Талдықорған қаласының басшысы. Оның айтуынша, бүгінде 37 пәтер қайтарылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"