Көксу ауданына қарасты Қаратал ауылында жаңа мектеп салу туралы әңгіме осыдан он жылдай уақыт бұрын көтерілген еді.
50 жыл бұрын қабырғасы қаланған 4 жылдық білім ұясының ғимараты әбден тозып, оқушыларға тарлық етіп келген. Ауылдағы 104 бала 5 шақырым жердегі аудан орталығына қатынап оқиды. Оларды әкімдік арнайы көлік бөліп, оқушылардың аудан орталағына баруына мүмкіндік жасаған. Жалпы ауылда 600-ден аса халық, 130 аула бар. Енді міне, сол қиындық артта қалып, ауыл балалары өздерінің жаңа мектебінде оқитын күн алыс емес.
- «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 120 орынды 25 балаға арналған шағын орталығымен жаңа мектеп салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 2 га жер телімі бекітіліп берілді. 2022 жылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, оң қорытындысы алынды. Көктемде мектеп құрылысы басталады. Қазынадан 1 млрд 800 мың теңге бөлінді. Мектеп құрылысы келесі жылға өтпелі. Білім нысаны 2024 жылы пайдалануға беріледі, - деді аудан әкімі Марлен Көлбаев.
Ришад Тұрғанбай
Сурет ғаламтордан алынды