"Мен жобаның проектісі болғым келмейді": Нұрлан Имам 7 баласымен мешітте тұрады

Уақыты: 31.03.2023
Оқылды: 2246
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Тыңдарманына өзінің психологиялық, шешендік дайындығымен жаққан танымал имам Нұрлан Байжігітұлының үйі жоқ болып шықты.  

Бұл туралы  7-su.kz желілік басылымы Caravan.kz порталы дерегіне сүйеніп хабарлайды.

- Ел бар, халық бар. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның проектісі болғым келмейді", - Нұрлан Имам.

Осылайша, жеті баланы тәрбиелеп отырған имам әке өз шындығын тек журналист сауалына орай ғана айтқан. 

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ