Жұмыссыздық жайлаған өңірлер қаратында Жетісу облысы да аталды

Уақыты: 07.06.2023
Оқылды: 1220
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

2023 жылдың бірінші тоқсанында елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Оның алдындағы тоқсанмен салыстырғанда көрсеткіш өзгерген жоқ, бірақ былтырғы бірінші тоқсанға қарағанда сәл төмендеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылмы Finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Жұмыссыздар саны бір жылда 0,1% артып, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 453,5 мың адамды құрады.

Айта кету керек, ауылдарда (4,9%) жұмыссыздық деңгейі қалаға (4,7%) қарағанда жоғары. Бұл ретте бір жыл бұрынғы жағдай өзгеріп отыр, яғни қаладағы (5%) жұмыссыздық деңгейі ауылмен (4,8%) салыстырғанда жоғары болды.

Қаладағы жұмыссыздар саны бір жылда 0,9% артып, 278,7 мың адамға жетсе, ауылда 1,2% азайып, 174,8 мың адамды құрады.

Қазақстан өңірлерінің жартысында жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Ең жоғары көрсеткіштер Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында тіркелді: әрқайсысында 5 пайыздан болды. 20 өңірдің алтауында бұл көрсеткіш еліміз бойынша орташа деңгейден төмен. Ең төмені Қарағанды және Ұлытау облыстарында белгіленді, яғни бұл облыстарда 4,2% шамасында байқалды.

Қаладағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі 2023 жылдың бірінші тоқсанында Жетісу облысында (5,3%), сондай-ақ Абай және Жамбыл облыстарында (әрқайсында 5,1%) байқалды. Ең аз деңгейі Ұлытау (4%), Ақмола (4,3%) және Қарағанды (4,3%) облыстары қалаларында тіркелді.

Ауылдағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында болды – 5,5%. Одан кейінгі орында Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары (әрқайсысында 5,2%), сондай-ақ Ақтөбе облысы (5,1%) тұр.

Жұмыссыздықтың аз деңгейі Қарағанды облысының ауылдарында байқалды, яғни 3,7% шамасында. Одан кейінгі орындарда Павлодар (4,2%) және Абай (4,3%) облыстары.

Сонымен қатар әйелдер (5,4%) арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге (4,2%) қарағанда жоғары болды.

Өңірлік тұрғыда ерлер арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Қызылорда облысында анықталды – 5%. Одан кейінгі орында Атырау (4,9%.) облысы тұр. Осы ретте жұмыссыздықтың аз деңгейі Маңғыстау (2,4%) және Шығыс Қазақстан (2,8%) облыстарында байқалды.

Қазақстан өңірлерінде әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі Қарағанды облысындағы 4,4%-дан Маңғыстау облысындағы 8%-ға дейін жетті.

Айта кету керек, ауылдағы ерлер (3,9%) арасындағы жұмыссыздық деңгейі қалаға (4,5%) қарағанда төмен болды. Өңірлер бойынша ерлер арасындағы ең көп жұмыссыздық Атырау (5,3%) және Ақмола (5,2%) облыстарының ауылдарында, ең аз деңгейі Абай (1,3%) және Маңғыстау (2%) облыстарында анықталды. Қалада ерлер арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Абай облысында (7,3%), ең азы Шығыс Қазақстан облысында (2%) белгіленді.

Бұдан бөлек, ауылда әйелдердің (6,1%) жұмыссыздық деңгейі қаламен (5%) салыстырғанда жоғары болды. Ауылда әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалды – 9,9%. Одан кейінгі орында Абай облысы (7,9%). Ауылдағы әйелдер жұмыссыздығының ең аз деңгейі Павлодар облысында тіркеліп, 4,5%-ды құрайды. Қаладағы әйелдер жұмыссыздығының жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысында (6,9%), сондай-ақ Жетісу және Түркістан облыстарында (әрқайсында 6,3%), ал ең азы Абай облысында (2,6%) тіркелді.

Сурет ғаламтордан алынды