Енді колледждер өз базасында шығарған тауарлар мен қызметтерден табыс таба алады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстандық колледждер базасында студенттердің кәсіпкерлік, бизнес-жоспарлау және стартап жобаларды дамыту бойынша білім алуына жағдай жасау мақсатында шағын кәсіпорындар құрылуда. Студенттер жиһаз жасау, тігін тігу, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін пісіру секілді кәсіптерді игере отырып, оны кіріс көзіне айналдыру дағдыларын да меңгереді.
Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетовтың айтуынша, бұл кәсіпорындар студенттерге түрлі кәсіби дағдыларды игеруге, оның ішінде коммуникация құруға, жобаларды басқаруға, маркетинг және қаржы бойынша білім алуға мүмкіндік береді және олардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануға жағдай туғызады.
Шағын кәсіпорындар есебінен түскен қаражат оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады. Яғни, бұл олардың дамуына және білім беру сапасын арттыруға ықпалын тигізбек.
А. Ыбырай