Оқи отырыңыз
2014 жылы «К» и «A» ЖШС су электр станциясын салу үшін Жетісу облысының Ескелді, Көксу, Кербұлақ аудандарында орналасқан жалпы ауданы 221 гектар 5 жер учаскесін берді.
ҚР АШМ ЖРБК Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында жоғарыда аталған жер учаскелері берілген сәттен бастап мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды.
Департамент жол берілген бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдады. Алайда, ЖШС нұсқаманың орындалуын елемеді. Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылданды.