Бұл жүйе шеңберінде 5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда елде және шетелде білім алу ақысын төлеуге қаражат жинау қарастырылған.
Мысалы, биылға 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК немесе 235 920 теңге, ал жетім балалар үшін 120 АЕК немесе 471 840 теңге мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы белгіленді.
Ал шотты екінші деңгейдегі банк немесе сақтандыру компаниялары арқылы ашқандарға жыл сайын 5-7 пайыз мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген. Ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын әлеуметтік осал топ балалары үшін 12 АЕК немесе айына 4 мың теңге шамасында, ал басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуге тиіс.
Мектепті аяқтаған соң жинақталған қаражатты колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады. Ал білім грантын алған жағдайда қаражатты Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын үшінші тұлғаға аударуға, тұрғын үй алуға пайдалануға, тіпті тиісті құжат ұсынылса, жинақталған қаражатты алуға да мүмкіндік бар.
А. ЫБЫРАЙ
Коллаж: Jambylinfo.kz