Өткен жылғы қаңтар мен желтоқсанға дейінгі уақыт аралығында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 40,3 миллионнан астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 21,6 миллионнан астамы электрондық форматта, шамамен 17,1 млн. қызмет автоматты түрде атқарылған.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығының мәліметінше, күндізгі форматта 1,0 миллионнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 1,0 млн. қызмет ұсынылды. Былтырдан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) енгізілуіне, сондай-ақ, «Ұлттық – қор-балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны өсті. Әсіресе, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу ерекше серпін бергенін байқауға болады. Естеріңізге сала кетсек, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі. 2024 жылдың есепті кезеңінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарнасының барлық түрі бойынша жаңадан ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 5,2 миллионнан асты.
БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) сайттағы және ұялы қосымшадағы Жеке кабинетте өз деректемелеріне, банктік деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2-топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар екенін еске салады.
Өткен жылғы қаңтар-қараша айларында деректемелерді өзгертуге 183,8 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 167,7 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды.
«БЖЗҚ»АҚ баспасөз қызметі
Фото: gov.kz