Бірыңғай жәрдемақыға өзгеріс енгізілді

Уақыты: 29.10.2018
Оқылды: 1534
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жәрдемақы – атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа форматы енгізілді. Бұл аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қолданыстағы әлеуметтік төлемдердің үш түрін біріктіреді: бұл төрт және одан да көп балалары бар отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

Жаңа форматтағы АӘК көрсету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан (ІІІ тоқсан үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 28284 теңге) 50 пайыздан төмен (IV тоқсан үшін 14142 теңге) жан басына шаққандағы орташа айлық табыстың болуы бірыңғай өлшем болып табылады.
Жаңа форматтағы АӘК аясында аз қамтылған азаматтарға қолдаудың үш түрі ұсынылады:
атаулы әлеуметтік көмекті төлеу;
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
әрбір еңбекке жарамды жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматқа мемлекет тарапынан оқуға және мамандық алуға қолдау көрсетіледі, кейін жұмысқа орналастыру немесе өз ісін ашу және осы мақсаттар үшін несие беріледі.
Жаңа форматтағы АӘК 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
 Шартсыз ақшалай көмек:
– жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға:
Зейнеткерлік жасқа толуына;
Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
– құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек:
– жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, отбасының құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар табысы аз отбасыларға олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті шарт болып табылады.
Ағымдағы жылдың 1 қазанында облыс бойынша ассистенттер үй-үйді аралау арқылы 119869 адамға (27 023 отбасы) әңгімелесу жүргізіп, соның нәтижесінде 54 958 адамға (10 620 отбасы) 1802,6 млн. теңге АӘК тағайындалды. АӘК алушылардың жалпы санынан 2 425 отбасына (9 520 адам) шартсыз ақшалай көмек, 8 195 отбасына (45438 адам) шартты ақшалай көмек тағайындалды. Шартты ақшалай көмек алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 3 551 адам тартылды. Әлеуметтік бейімдеу шаралары 6 757 алушыға көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуі қажет.
 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы