ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ТӘСІЛІ

Уақыты: 18.02.2019
Оқылды: 1475
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Соңғы уақытта облысымыз бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға өтеусіз негізде қызмет көрсететін арнайы жабдықталған инватакси қызметіне сұраныс артуда. Айта кетерлігі, барлық шығынды жергілікті атқарушы билік өтейді. Яғни облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер. 

Талдықорған қаласында атал­ған қызмет түріне 19 мыңнан ас­там өтініш түскен. Инватакси ар­қа­­сын­да олар оқуға, жұмысқа, ем-дом алуға, жат­ты­ғуларына ­алаңсыз барып, келе ала­ды. 
Бүгіннің өзінде облыс орталы­ғында 2000-нан астам адам ерекше күтім­мен өмір сүруде. Соның 140-на инватакси қызметін пайдаланады. Олар облыс әкімі Амандық Баталов тарапынан көрсетіліп жатқан көмек пен қолдауға өз ризашылықтарын біл­­діреді.  
Қамкөңілдердің басым бөлігі аталған қызметті қалай қолдану қажеттігінен бейхабар. Олқылықтың орнын толтыру үшін инватаксидің қызметіне жүгіну жолдары туралы айтпақпыз. Бірінші топтағы мүгедектігі бар, жеке оңалту бағдарламасында көмекші немесе арба міндетті деп көрсетілген жандар қызмет пайдаланушысы бола алады. 
Сондай-ақ, тапсырысты да алдын ала сағат 14.00-ге дейін рәсімдеген абзал. Өйткені, қызметкерлер жүретін маршрутты жоспарлауы қажет. Кеше тегіс болған жол бір мезетте қар басып қалатын жағдайлар да кездеседі. Бұл жағдайда тапсырыс уақытын кейінге шегеріп, хабарласып, ескертіледі. Орта есеппен бір тапсырысты орындау үшін 40-60 минут уақыт кетеді. 
Одан бөлек, тұтынушылар жылына бірнеше рет өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, сауалнама толтырады. Соның нәтижесін сараптай отырып олқылықтар жөнге келтіріліп, талаптарына құлақ асамыз. Себебі, тұтынушының пікірі маңызды. 
Инватаксиді пайдаланушылар үшін өздеріне ыңғайлы тәсілмен такси шақыру мүмкіндігі пайда болды. Ол үшін төмендегі ­байланыс нөмірлеріне хабарласу керек. 
Тал­­дықорған ­қаласы ­­бо­йынша: 243463, 390181; 
Опера­торлардың ұялы телефон нөмірі: 87055692296, 87771606426, 87058778169; 
WhatsApp: 87786175587 не болмаса erlik_tald@mail.ru. Электронды поштасына хат жаза аласыздар. 
Айта кетерлігі, инватакси жүйесінде қызмет жасаушылардың басым көпшілігі – мүмкіндігі шектеулі жандар. Егер де жұмыс іздеп жүрсеңіз, аталған байланыс нөмірлеріне хабарлассаңыз болады.

Роза АҚЖАРКЕНОВА, 
Талдықорған қалалық «Ерлік» қоғамдық бірлестігінің төрайымы