"7-20-25": ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС БАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Уақыты: 15.03.2019
Оқылды: 1115
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қапшағай қалалық әкімдігінде «7-20-25» бағдарламасындағы жаңа мүмкіндіктер мен өзгерістерді түсіндіру жұмыстары бойынша жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жеңіс ТҰЯҚОВ қатысты.

 

Аталған бағдарлама бойынша биыл шағын ша­һарда 640 пәтерлі ғи­марат бой көтереді. Яғни, жоба аясында үй алғысы келетін тұр­­­ғындар саны күн са­­­нап көбейіп жатыр. Бас­­қосуда бағдарламаның же­­ңілдіктері де сөз болды. Мәсе­лен, Үкімет тарапынан бюджеттік мекеме қыз­­­меткері мен  көпбалалы от­басыларға 1 миллион тең­ге қайтарымсыз көмек бері­леді.
Өзгерістерге келсек, осыған дейін өтініш бергенде туған-туысы кепіл болса, енді бұл міндетті кез келген Қазақстан аза­маты атқара алады. Бүгінде Қапшағай қаласы бойынша берілген өтініштердің 105-ін банк қызметі қарап, оның 85-іне рұқсат берген. Ал солардың ішінде екеуі бүгінде үй алды. 
Жиынға келген алты банктің өкілі тұрғындарға несие жүйесін түсіндіріп, қандай жағдайда бағдарлама бойынша үй алатындықтарын тарқатып айтып берді. Тағы бір өзгеріс, ол – банк талабындағы тұрғындардың жас мөлшерінің ұзаруы.
Жиын соңында Жеңіс Шылбынұлы инженерлік жүйені реттеуді жергілікті әкімдікке тапсырды. Дәл осындай жиындар енді аймағымыздың барлық жерінде өтпек.

Серік ҚАНТАЙ
Қапшағай қаласы