ҚУАНЫҢЫЗ: ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСТІ

Уақыты: 01.07.2019
Оқылды: 1118
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 243-VІ ҚР «Кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңына өзгертулер енгізілді.

Атап айтқанда, мүгедек баланы тәрбиелеушіге және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты  берілетін жәрдемақы 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 31183 теңгеден (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 пайыз) 41578 теңгеге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 пайыз) дейін өсірілді (2019 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – 29698 теңге).

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментімен 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап  мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін 7848 жәрдемақы алушының, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты берілетін 1299 жәрдемақы алушының құжаттары қаралып, бекітілген шешімдермен төлемдерді төлеу мақсатында Мемлекеттік корпорацияға толықтай берілуі қамтамасыз етілді.  Аталған жәрдемақының өсірілген мөлшері 2019 жылдың  шілде айынан төленеді.

Ж. ДӘЛІБАЕВ, 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары