HALYK BANK "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Уақыты: 02.09.2019
Оқылды: 1117
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Мектепке жол» ауқымды республикалық акциясының аясында көпбалалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан 600-ге жуық 1-сынып оқушысы «Халық» қайырымдылық қорының және Halyk Bank көмегімен Білім күнін жаңа сөмкелермен, оқу құралдарымен қарсы алды.

Акция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) бастамасымен өткізіледі және Halyk Bank әдетте «Халық» қайырымдылық қоры арқылы қолдау көрсетеді. Ағымдағы жылы мектеп жинағын сатып алуға 8,5 млн. теңгеден аса ақша бөлінді.

«Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев: «Мектеп табалдырығын аттау – баланың бүкіл өміріне естелік болып қалатын ұмытылмас оқиға, – деп атап өтті. – Өмірдің осы сәті барынша жарқын, естен кетпейтіндей қызық болып өткені маңызды. Сондықтан, Halyk Bank «Халық» қайырымдылық қоры арқылы соңғы төрт жыл ағымында 43,5 млн. теңге бөлумен қатар көпбалалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан 3,5 мың баланы мектепке дайындады».

Сөмкелерден және керекті кеңсе тауарларынан (дәптерлер, қаламдар, қаламсаптар) тұратын Halyk Bankтің және «Халық» қайырымдылық қорының мектеп жинақтары жергілікті атқару органдары мен білім беру басқармалары берген тізімге сәйкес таратылады.

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2018 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алған күн аралығында бүкіл ел бойынша өткізіледі.

Акцияның мақсаты – оқу жылының алдындағы дайындық кезеңінде көп балалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорынан айырылған балаларға көмек көрсету.

«Халық» қайырымдылық қоры (Halyk Fund) – Halyk Bank-інің жанынан 2016 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт және білім беру салаларында қоғамдық маңызы бар іс-шараларды және әлеуметтік жобаларды іске асыру, жүйелік деңгейде қайырымдылық және демеушілік қызмет ету үшін құрылды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 95 жылдан аса табысты жұмыс істеп келе жатқан және негізгі көрсеткіштер бойынша елде көш бастап келе жатқан Қазақстан Республикасының ірі коммерциялық банкі болып табылады. Банк өз клиенттеріне қызметтердің кең саласын (банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассация) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Сонымен қатар, Банк Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және жақыннан бері Өзбекстанда өз операцияларын жүргізеді.

Банк рейтингтері: Moody’s – “Ba1”, Fitch Ratings және Standard & Poor’s – “BB”.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR қызметі