"БАС-АЯҒЫ БІР-АҚ САҒАТ": КӨЛІГІН ОНЛАЙН ТІРКЕГЕН АЗАМАТҚА АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚ ТАПСЫРЫЛДЫ

Уақыты: 05.09.2019
Оқылды: 1220
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорғандық жүргізуші көлігін онлайн тіркеп, 20 мың теңге ұтып алды. Қуаныш Бегалиев "Азаматтарға арналған үкімет" жүргізушілер арасында өткен "Көлігіңді онлайн тіркеп, ұтып ал оған дөңгелек" атты байқаудың жеңімпазы атанды.

"Мен электронды порталда көлігімді тез-ақ тіркеп, бас-аяғы бір сағатта жаңа құжаттарды қолыма алдым. Оның үстіне бүгін жеңімпаз атанып, сыйлық алып отырмын. Көп адам мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды қиын деп санайды. Бүгінге дейін мен де солай ойлағанмын. Енді қызметтерді тек электронды үкімет порталында ғана рәсімдейтін боламын. Сіздерге де кеңес беремін. Бұл оңай әрі уақытыңызды да жоғалтпайсыз!" - деп қуанышымен бөлісті жеңімпаз.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда жарияланған байқау бір айға созылды. Байқау шарты бойынша қатысушылар өз көліктерін 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін электрондық үкімет порталында онлайн тіркеуі тиіс болатын. Атап өтер болсақ, бұл шара бұған дейін өткізілетін барлық шаралардың ішіндегі ең ауқымдысы болды.

Байқауға барлығы 4696 адам қатысты. Байқаудың басты демеушісі – "Aster Auto". Ұтыс ойыны Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ХҚО-да өтіп, корпорацияның ресми "Instagram" әлеуметтік желісінде тікелей трансляция арқылы көрсетілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"