ЦИФРЛАНДЫРУ: ЕНДІ АНАЛАР ҮЙДЕ ОТЫРЫП-АҚ ҚҰЖАТ РӘСІМДЕЙДІ

Уақыты: 16.10.2019
Оқылды: 756
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша азаматтарға ыңғайлы жағдай жасауға және әлеуметтік саланы цифрландыруға, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін жеңілдетуге ерекше көңіл бөлініп келеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Бала тууына байланысты проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету» жобасын жүзеге асырды.

Аталған жоба аналардың үйде отырып-ақ туу туралы куәлік алуына, балабақша кезегіне тұруға және әлеуметтік жәрдемақы ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін аналардың мобильді азаматтардың базасына тіркелген, актуалды абоненттік нөмірі болуы қажет.

Биылғы жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы бойынша туу туралы куәлік дәстүрлі тәсілмен тіркелген жағдайда бала тууына байланысты жәрдемақыларды да проактивті ресімдеуге болады. Ол үшін:

- азаматтардың мобильді базасына тіркелген, актуалды абоненттік нөмірінің болуы;

- sms-хабарламаларға жауап қажет.

Бала тууына және күтіміне әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметтерін проактивті алу үшін жіберілген sms-хабарламаларға жауап бергенде:

- тілді таңдау;

- растау немесе банктік шотын беруі керек.

Абоненттік нөмірді жүктілігіне және босануға байланысты әлеуметтік төлемге өтініш бергенде мемлекеттік корпорацияда (ХҚКО) тіркеуге болады.

Е. АМАНБАЕВ,

Алматы облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» филиалының бас маманы