ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ: АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА 13 ОТБАСЫНА ҮЙ БЕРІЛДІ

Уақыты: 30.11.2019
Оқылды: 1231
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Тұңғыш Президент күні мерекесі алакөлдіктерге ерекше жаңалық алып келді. Мереке қарсаңында Алакөл ауданында 13 отбасы жаңа пәтердің кілтін алып, қоныстойын тойлады. Бұл туралы өңірлік "Jetisu media" мекемесінің өкілдері хабарлады.

Бұл үйлер «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерелеріне берілді.

Мереке қарсаңында қуанышы еселеніп, қоныстойын тойлап жатқан К.Мәулетхан отбасының қуанышында шек жоқ. «Мемлекет басшысы мен облыс, аудан әкіміне көптеген отбасының тұрғын үй мәселесін шешуге көмектескендері үшін алғыс айтамыз. Баспаналы болуды армандаған барша отбасы осылай қоныстойын тойласын», - деді жаңа үй иесі.

Тамыз айынан бастап, «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарапатын көргендердің қатары көбейіп келеді. Бағдарлама қолға алынғалы Алакөл ауданында 19 отбасы баспаналы болған. Сонымен бірге, «Нұрлы жер» мемлекеттік  бағдарламасы аясында былтырлары барлығы 80 тұрғын үй кілті кезекте тұрған азаматтарға берілген. Алдағы уақытта бұл шаралар ары қарай жалғасын таппақ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Алакөл ауданы