ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ: ТАҒЫ БІР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫНА ҮЙ БЕРІЛДІ

Уақыты: 01.12.2019
Оқылды: 1455
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Көксу ауданына қарасты Алғабас ауылдық округінде тағы бір көпбалалы отбасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспаналы болды.

Бұл туралы Көксу ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бала-шағасымен жалдамалы пәтерде көшіп-қонып, тұрмыс тауқыметін тартып келген Омарбековтер отбасына айтулы мерекеге орай баспана кілті табысталды. Үй кілтін Алғабас ауылдық округінің әкімі Дәурен Молдағали салтанатты жағдайда тапсырды. Қиындықтардың барлығы артта қалып, шаттыққа кенелген отбасы қуанышына ортақтасқан барша ағайынға алғысын жаудырды.

Салтанатты шарада Дәурен Молдағали аудан әкімі Алмас Қабдулұлының қоныстой қуанышымен құттықтауын жеткізіп, қуаныш иелеріне жылы лебізін білдірді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"