ТАЛҒАР АУДАНЫ: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Уақыты: 30.12.2019
Оқылды: 1197
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Бүгін Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров салтанатты түрде 20 көпбалалы отбасына тұрғын үй кілттерін тапсырды.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен тұрмысы төмен 20 көпбалалы отбасына екінші нарықтан тұрғын үй немесе пәтер сатып алу жұмыстарына ағымдағы жылы – 243,9 млн.теңге қаражат бөлінген болатын. Нәтижесінде, кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын жеке тұлғалардан 20 тұрғын үй сатып алынды.

Сатып алынған тұрғын үй немесе пәтерлер Талғар ауданында орналасқан (Талғар қаласы, Талдыбұлақ, Кеңдала, Рысқұлов ауылдары). Жалпы ауданы 58,1 шаршы метрден 120,0 шаршы метрді құрайды. Сатып алынған 20 екінші нарықтағы тұрғын үйлердің 4-уі көпқабатты, 16-сы жер үйлер.

Атап өтейік, тұрғын үй мен пәтер кілттері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, кезекте тұрған тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Талғар ауданы

Алматы облысы