"ТЕЗ ӘРІ ОҢАЙ": ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ШЕТЕЛДЕН ӘКЕЛГЕН КӨЛІКТЕРІН ТІРКЕП ЖАТЫР

Уақыты: 06.02.2020
Оқылды: 1171
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

2020 жылдың 5 ақпанында, сағат 16.40-та Еңбекшіқазақ ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) Бауыржан Ізбасов есімді азамат Қазақстанға Ресей Федерациясынан әкелінген екі көлік құралын тіркеді.

Бұдан бөлек, 2020 жылдың 5 ақпанында сағат 18.30-да Қапшағай қаласының ХҚКО-да Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын, автокөлік иелері 1984 жылы туған Жұмағалиев Е. екі автокөлік, 1987 жылы туған Сдықов А. бір автокөлік құралын тіркеді.

Сөйтіп, Алматы облысында бұл құқықты бірінші болып Бауыржан Ізбасов пайдаланды. Ол өзінің "Toyota Camry" маркалы екі автокөлігін тіркеді.

- Бүгін Еңбекшіқазақ ауданының ХҚКО-на Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралын уақытша тіркеу үшін келдім. Қазақстанға уақытша есепке қойдым. Осы жыл ішінде кәдеге жарату алымын төлеуге және біздің елімізде автокөлікті түпкілікті тіркеуге тырысамын. Барлығы тез әрі оңай болды. Барлығы жарты сағат ішінде жасалды. Үлкен рахмет! - деді Бауыржан Ізбасов.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап Алматы облысының барлық ХҚКО-ларында шетел нөмірлерімен автокөліктерді тіркеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Жүргізушілерге мемлекеттік кірістер, полиция департаменттерінің аумақтық басқарма мамандары кеңес береді.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Сурет ғаламтордан алынды