КОРОНАВИРУС: KASPI.KZ ПЕН "СӘБИ" ҚОРЫ 200 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛДІ

Уақыты: 20.03.2020
Оқылды: 1181
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Сәби» қайырымдылық қорының президенті және негізін салушы Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев (бұл да негізін салушы) ҚР Дәрілік заттарды сараптау орталығына 100 миллион теңгеге коронавирусты анықтауға арналған 50 000 тест сатып әперіп, үлкен көмек көрсетті. Сонымен қатар, қор құны 10 миллион теңгелік тыныс алуға арналған ИВЛV8600 аппаратын да сатып алды.

Kaspi.kz АО АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де бұл мақсатқа 100 миллион теңге бөлді. Covid-19 коронавирусының таралуынан күрделенген жағдайға қарай елде жарияланған төтенше жағдай және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жарияланған карантинге байланысты қиын кезеңде «Сәби» қоры медициналық жоба аясында Қазақстан тұрғындарына көмектесу туралы шешім қабылдады. Kaspi.kz басшылығы осы маңызды бастамаға қосылды.

Коронавирусты уақытында, алғашқы күндері анықтап, вирусқа қарсы ертерек ем алу өмірлік маңызы бар дүние. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын азайтады. Мұндай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, ел болашағы алдындағы жауапкершілік. Covid-19 коронавирусын анықтауға арналған 100000 дана жедел тест «КДЛ Олимп» ЖШС-не «Олимп» клиникалық-диагностикалық лаборатория базасында тұрғындар арасында тегін тест жүргізу үшін беріледі.

Айта кетейік, «Сәби» қоры 2002 жылы құрылған. Оның басты бағыттары - балалардың денсаулығы мен рухани дамуы, білімнің қолжетімділігі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды