"ӨТІНІШ БЕРМЕЙСІЗ": 42 МЫҢ 500 ТЕҢГЕ АЛУ ТӘРТІБІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Уақыты: 14.04.2020
Оқылды: 1155
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Көптің назарын аударған 42 мың 500 теңге беру тәртібіне өзгерістер енгізіліп, жаңа ереже бойынша алушылардың санаты кеңейді. Өзгертілген жаңа ережелер туралы «Жетісу медиа» баспасөз алаңында өткен брифингте Алматы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Тоқтарқызы толық айтып берді.

Баяндамашының айтуынша, қазір әлеуметтік төлем жеті санат бойынша іске асырылады. Атап айтар болсақ, шағын және орта кәсіпорындардың жалақысыз демалысқа шыққан жұмысшыларға, карантин енгізілген елді мекендерде жұмыс істейтін, ақысыз демалысқа шыққан қызметкерлерге, жалақы еңбегін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге, жеке практиктер, бірыңғай жиынтық төлемді төлейтін жеке тұлғаларға, GPC келісімдері бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға, салық агенттері OPV төлеген жұмыстарды орындаушыларға, коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлеріне 42 мың 500 теңге міндетті түрде төленеді.

Бұл санатқа  мемлекеттік қызметкерлер қосылмайды.

– Әлеуметтік төлем ережесіне енгізілген жаңа өзгерістің басты айырмашылығы – әлеуметтік қызметтерге өтініш беру. Төлемдерді жұмыс берушілер де, жұмысшылар өздері де бере алады. Жалақы мөлшерін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдері бойынша табыс алатын адамдарға өтініш беру қажет емес. Себебі, олар үшін әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалады. Осылайша, Алматы облысында 13 мың адамға 42 мың 500 теңге автоматты түрде тағайындалды, – деді Бақыт Тоқтарқызы.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір ай қатыса алмағандарға 42 мың 500 теңге берілмейді. Сондай-ақ, БЖЗҚ жүйесіне қатыспаған азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдері бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдер ұсынылмайды.

Жиында баяндамашы өтініш берудің жаңа тәсілін, яғни, Telegram-бот арқылы сұраныс қалдыруға болатындығын айтты. Ол үшін ұялы телефонға Telegram қосымшасын жүктеп, іздеу жолына @Help42500Bot деп теріп, «Бастау» түймесін бассаңыз жеткілікті. Автоматты түрде шығарылған нысандарды толтыру арқылы 42 мың 500 теңгені ала аласыз.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды