42 МЫҢ 500 ТЕҢГЕНІ КІМДЕР ҚАЙТАРАДЫ? ВИЦЕ-МИНИСТР ЖАУАП БЕРДІ

Уақыты: 17.04.2020
Оқылды: 817
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев желідегі парақшасында 42500 теңгеге қатысты пікір білдірді. Бұл жайында Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

"Көбі бұл сомадан бас тарту керек пе, неге қатаң бақыланып жатыр деген сияқты сұрақтар қойып жатыр. Оларды түсінуге болады. Түсіндіріп өткім келетіні: 42500 теңге бойынша 3,3 миллион теңгеге берілді. Бұл 20 күн ішінде келіп түскен өтініштер бойынша. Ол ақшаны расында да төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған адамдар алуы керек. Қазір төтенше жағдай режимі болғандықтан біз ешқандай да құжаттар талап етпейміз (ақысыз еңбек демалысына шығу туралы бұйрық және басқалар). Өтініш барынша жеңіл формада толтырылды. Біз барлығын автоматты түрде тексеріп, шешім қабылдаймыз. Болды. Жалған мәліметтер бергендер жазаланады", - деді вице-министр.

Қорытындылай келе, мынаған назар аударғаныңыз жөн:

1.Егер сіз төтенше жағдайға байланысты табысыңыздан айырылсаңыз және сізге төлемақы түссе, барлығы дұрыс деген сөз, ешқандай сұрақ туындамайды.

2.Егер сіз төтенше жағдайға байланысты табысыңыздан айырылмасаңыз, азаматтық жауапкершілік танытып, төлемақыдан бас тартуыңызды сұраймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"