42 500 ТЕҢГЕ: ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖҮКТЕМЕСІ ТӨРТ ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙДЫ

Уақыты: 02.05.2020
Оқылды: 1152
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жұмыссыз қалғандарға және мұқтаж жандарға беріліп жатқан көмекке байланысты әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі қызметкерлерінің жұмыс жүктемесі төрт есеге дейін артып отыр.

Алматы облысында 42,5 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек  250  мыңнан астам адамға тағайындалды және 330 мыңнан астам адам өтініш берген. Бүгінгі күні Президенттің қайта есептеу жөніндегі шұғыл тапсырмасын орындау үшін 21 аудандық және қалалық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің 280-ге жуық қызметкері күшейтілген режимде жұмылдырылған.

Жұмыс кестесі таңғы сағат 8.00-ден басталып түнің бір уақытына дейін созылуда. Мамандар азаматтардың өтініштерін қабылдайды, тексереді және уәкілетті органға жібереді. Әлеуметтік сақтандыру жөніндегі мемлекеттік қордың (ГФСС) растауынан кейін, құжаттарды төлем жасау үшін базаға енгізеді. Әрине, төлемді Еңбек министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері тағайындайды және бекітеді, бірақ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері оларды өңдеп, төлем жасауды қамтамасыз етуде.

Бүгінгі күнге дейін республика бойынша келіп түскен 2 миллионнан астам өтініштің 340 мыңға жуығы Алматы облысының үлесінде. Қызметкерлеріміздің төзімділігі мен шыдамдылығының арқасында тапсырма сапалы орындалуда. Осындай қысыл-таяң сәтте тұрғындарға қолдау көрсеткен әріптестеріме алғыс білдіреміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан