БАЛА АСЫРАП АЛУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ҚАЙТА ЖАСАТУҒА БОЛА МА? МАМАНДАР ЖАУАБЫ

Уақыты: 02.09.2020
Оқылды: 1436
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Бала асырап алу туралы куәлікті қайталап алу үшін не істеу керек? Бұл сауалға Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жауап берді.

Біз, әдеттегідей, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жолдарымен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін бала асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керектігін айтамыз.

Ол үшін:

- Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз.

- Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлімін таңдаңыз.

- «Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін тауып, онлайн сұрау салыңыз.

- Әрі қарай асыраушы туралы мәліметтерді толтырып, төлем жүргізіңіз (қызмет құны – 1 АЕК).

Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"