"БІР НЕМЕСЕ ҮШ КҮН": ТӨЛҚҰЖАТ ПЕН ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ ЖЫЛДАМ РӘСІМДЕУ ЖОЛЫ

Уақыты: 15.09.2020
Оқылды: 1587
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз? Егер сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру керек болса, Халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Ары қарай не істеу керектігін ХҚО мамандары түсіндіреді.

ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз;

Өзіңіз брондаған ХҚО-ға уақтылы барыңыз;

Тіркеу залына өтіп, ЖСН арқылы брондаған кезегіңізді растап, элекронды талон алыңыз;

Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;

Құжаттандыру секторына өтіңіз;

Көші -қон қызметкері құжатты рәсімдейді;

Дайын құжатты осы ХҚО-дан алатын боласыз. ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға беріледі.

ҚР азаматының паспорты азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жылға беріледі.

16 жасқа толған жасөспірім жеке куәлікті алу үшін ХҚО-ға ата-анасының бірімен келуге міндетті.

Төленетін баж алымы: паспорт – 8 АЕК, жеке куәлік – 0,2 АЕК. Құжат 15 жұмыс күні ішінде жасалады.

Егер құжаттың жасалу мерзімін жеделдету қажет болса, қосымша ақы төлеу қажет. 1 жұмыс күні - 4983 тг, 3 жұмыс күні - 2752 тг.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"