АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӨМІР БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ ӨСІРГЕНДЕР АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 22.09.2020
Оқылды: 1153
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті өңірдегі тас көмірді бөлшектеп сату нарығына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде аталған департамент «Сауда Көмір» ЖШС-нің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабын бұзу, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, оның ішінде, нарық субъектісінің немесе белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасау белгілерін анықтады. Яғни, көрсетілген кәсіпорын тас көмірдің бағасын негізсіз өсірген болып шықты.

Осыған байланысты аталған департамент тас көмірді сату бағасын төмендету жолымен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарып, "Сауда Көмір" ЖШС өкілдеріне жолдады.

Хабарламаны орындау нарық субъектісі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан