Текелі қаласы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 13 жоба қарастырылған. Жоба аясында 1 миллиард 837 миллион 10 мың теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда 5 жоба аяқталып, 8 жоба іске асырылуда.
Мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстарды атап өтетін болсақ, Бақылау алаңында Тутұғыр орнату, бақылау алаңы айналасын абаттандыру, Д.Қонаев көшесінің «Достық» шағынауданындағы теміржол өткелінен қаланың кіре-берісіне дейінгі бөлігінде жаяу жүргіншілер жолы мен арық желілерін, Рудничный ауылы көшелерінің жаяу жүргіншілер жолын, Текелі қаласының аумағын кеңейте отырып, қалалық зираттың аумағын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Текелі қаласындағы Тәуелсіздік алаңына Тутұғыр орнату, Қора өзенінің жағалауына күн энергиясынан жарықтанатын шамдар орнатып, қаладағы көше жарықтарына, спорттық алаңдарды жаңғырту және ағымдағы жөндеу жұмыстары, әл-Фараби, Дружба, Орақты батыр, Жансүгіров, Кольцевая, Тауелсіздік, Уәлиханова, Жеңіс көшелерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылуда. Әмбебап спорт алаңдарының құрылыс-монтаждау, қаладағы №6 орта мектептің сейсмикалық күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Бақберген Мәдібековтің айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмыссыздық деңгейін төмендету, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша қалада 214 жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде 56 адам білім беру объектілерін күрделі жөндеуге, 81 адам автожолды күрделі жөндеуге, 58-і елді мекенді абаттандыруға, 19-ы көше жарығын орнату жұмыстарына тартылды.
Аталған бағдарлама аясында қарастырылған объектілер бойынша қазір құрылыс жұмыстары жүйелі атқарылып келеді. Моноқалада жүргізілген құрылыс жұмыстарын «Жетісу Сервис», «Монолит», «Хан-Тенгри құрылыс», «Golden Citу», «Т-Строй-Проект», «Талдықорған Архитектура», «Элит Строй», «Нұр-Шапағат Құрылыс», «Жетісу Сервис», «Нұрғазы Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері атқаруда.
Ұлжан БОТБАЕВА,
Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы