МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ТҮСКЕН ҚАРЖЫ МИЛЛИАРДТАН АСТЫ

Уақыты: 13.01.2021
Оқылды: 1236
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

2020 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,78 млрд.теңгені құрады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Республика бойынша желтоқсан айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31 желтоқсан аралығында) 30,2 млрд.теңгені құрады.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, желтоқсан айында Алматы облысы бойынша 1,06 млрд.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 725,2 млн.теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады.

МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы