БОЛАТ НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНДА КӨШЕ ЖОҚ: ЖЕЛІДЕГІ ЖАЛҒАН АҚПАРҒА ЖАУАП

Уақыты: 23.02.2021
Оқылды: 1209
Бөлім: РУХАНИЯТ

Әлеуметтік желіде Шамалған ауылындағы көшелердің біріне Болат Назарбаевтың есімі берілетіні жөнінде ақпарат тарады. Осыған байланысты "Жетісу" газеті Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ресми жауабын ұсынады.

"Әлеуметтік желілерде Қарасай ауданы, Шамалған ауылына қарасты көшелердің бірі Болат Назарбаевтың атымен аталатындығы туралы жалған ақпарат таралуда. Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы Болат Назарбаевтың атында көше жоқ екендігін ресми түрде хабарлайды", - делінген аталған басқарманың ресми жауабында.

Айта кетейік, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның әулетінің туып-өскен жері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан