АҚАН ӘБДУӘЛІ: "ҚАЗАҚСТАН БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ДЕРБЕС ЕЛ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕДІ"

Уақыты: 24.09.2021
Оқылды: 1904
Бөлім: РУХАНИЯТ

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз деген сөздің өзі адам ұғымындағы ең бір асыл сөз. Еліміздің тәуелсіздік бесігінде тербеліп келе жатқанына биыл 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің бекітілген шегарасы, ұстанған діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында әлем картасында жаңа жас қазақ елінің пайда болуы – тәуелсіздікті ғасырлар бойы аңсаған ата-бабаларымыздың арманы еді. Алайда сол тәуелсіздікке ие болу бар да, оны сақтап қалу бар. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында өте үлкен және аса жауапты міндеттер тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын реттеу, экономиканы жолға қоюдан бастап қыруар тың іс, ерен еңбекті қажет етті. Қазақ елі осы маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, болашаққа нық сеніммен қарады, өзінің ұлттық әлеуетіне толық сенді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Биыл қастерлі тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес», – деп тебірене жазды. Қасым-Жомарт Кемелұлының «қайта жаңғырған қазақ мемлекеті» деп отырғаны қазақ халқының өз мемлекеті болып, тарихтың бір кезеңінде оны жоғалтып алғанын, ал осыдан отыз жыл бұрын оны қайта құрып, жаңғыртқанын меңзейді. Сондай-ақ, «ата-бабаларымыз аңсаған азаттық» дегені тәуелсіздік үшін күрестердің ел аумағында толастамағанын білдіреді.

Отыз жыл ішіндегі қазақ елінің қай салада болсын жеткен жетістіктері орасан зор.

Ақан ӘБДУӘЛІ,

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы