49 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

Уақыты: 04.09.2017
Оқылды: 1506
Бөлім: РУХАНИЯТ

Міне, үш айлық жазғы демалыс аяқталып, оқу­шылар алтын ұя мектебімен қауышар күн де келіп жетті. Әрбір жеткіншектің бұл күнді тағат­сыз­дана күтіп, ата-анасындай аяулы ұстазына, білім нәрімен сусындатқан мектебіне, құлын-тайдай тебісіп бірге өсіп келе жатқан сыныптастарына асығары анық.

Бірінші сыныпты аттай­тын бүлдіршіндер үшін бұл күннің тіпті де орны бөлек. Ата-анасының жылы құша­ғынан алыстай қоймаған жет­кін­шектер алдынан өмір­дің қандай белесі есік ашып тұр­ға­нын аңғар­мас­тан көздері жәудіреген күйі мектеп парта­сына ал­ғаш отырады.

Биыл бірінші сынып та­бал­дырығын 49 мың бүл­дір­шін аттайтын болса, жалпы орта білім беретін мектеп­терде оқитын оқу­шылар саны 350 мыңнан асады. 

Осы жеткіншектердің ла­йық­ты білім-тәрбие алуы­на жағдай жасайтын мектеп­тердің жаңа оқу жы­­лына да­йын­дығы қай-қайсымызды да тол­ған­дырары хақ. Өйткені, оқу­шының кең де жарық, бү­гінгі заман талабына сай жаб­дықталған мектепте білім алуы аса маңызды. Бұл бала­ның оқуға ерекше ынта-жігер­мен кірісіп, нә­ти­желі білім алуына игі ық­пал етеді.

Осы орайда биыл об­лыс бдюжетінен білім са­ла­сына 153,7 млрд. теңге қаржы бөлін­се, оның 27 млрд. теңгесі құры­лысқа бағытталды. Өңірімізде 48 білім беру мекемесі са­лыну­да. Білім күнінде 24 жаңа мек­теп оқушылар үшін есігін ай­қара ашады.

Мұғалімдердің кәсіби дең­гейін арттырып, білік­тілігін шыңдау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жаңартылған білім маз­мұнын енгізуге да­йын­дық барысында облыс бо­йын­ша 24 728  педагог, оның ішінде 586 мектеп ди­рек­торы, жаңа жүйе бағдар­ла­ма­лары негізінде 7 258 мұ­ға­лім кәсіби бі­ліктілігін арт­тырды.

«Жас келсе іске» де­мек­ші, облысымызға кел­ген жас ма­ман­дарға қол­дау көрсету – басты на­зарда. Осы мақсатта об­лысымыздың білім беру мекемелері 1351 жас ма­ман­мен толықты, оның 1079-ы «Дипломмен ауыл­ға» бағдар­ламасы аясын­да ауылды жер­лерге жұ­мысқа орналасты. Оларға жан-жақты әлеу­мет­тік қол­­дау көрсетілуде.

Жаңа оқу жылынан бас­­тап 1-сынып жеткін­шекте­рімен  бірге 2,5,7 сынып оқушылары да  жаңа стан­дарт негізінде білім алып, бескүндік оқу аптасына кө­ше­ді. 12 жыл­дық білім беру моделіне көшуге дайындық бары­сында мектепалды даяр­лық сыныбына арналған «Әліп­пе» оқулығы облыс­тағы 2 мектепте пилоттық жоба және 2 ба­ла­бақ­ша­да эксперимент ретінде оқы­тылады. Жаңалық пен жаңа­шылдыққа толы биыл­ғы оқу жылы оқу­шы­ларымыз үшін сәтті бас­талып, білім теңі­зіне, әлем­дік кеңістікке жете­лей береріне кәміл се­неміз.

Алма ЕСЕНБАЕВА.