Туған күніңмен, Талдықорған!

Уақыты: 12.09.2017
Оқылды: 1259
Бөлім: РУХАНИЯТ

Баспасөз конференциясында қала әкімі мерекеге орай өткізілетін шаралар легін атап өтті.
– Өздеріңізге белгілі, қыркүйек айында қала күніне арналған іс-шараларды бастаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай, түрлі шаралар ұйымдастырылады. Талдықорған қаласы тек жарқын да заманауи облыс орталығы ғана емес. Бұл біздің еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан шырайлы шаһар, – деді Бағдат Әбілмәжінұлы. Сонымен қатар, қала басшысы мерекелік бағдарлама толық бекітілмегенін, уақытында тағы да өзгерістер болуы мүмкін екендігін  ескертті.
Жыл сайын қала күнін атап өту дәстүрге айналған. Талдықорған – өндірісі өркендеген, өткен ғасыр басында ұлт зиялылары қызмет еткен рухани орда. Облыс орталығының сан ғасырлық тарихи бейнесінде терең саяси, рухани мән жатыр. Сондықтан, Талдықорғанның туған күніне әрбір тұрғын атсалысуы тиіс. Бір айта кететіні, қала күніне бұрын-соңды өңірімізге келмеген өнер жұлдыздары қатыспақ.
 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.