МҰҒАЛІМ СӨЗІМЕН ДЕ, ІСІМЕН ҮЛГІ КӨРСЕТУІ КЕРЕК. БҮГІНГІ ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

Уақыты: 18.05.2022
Оқылды: 1484
Бөлім: РУХАНИЯТ

Оқушыларды бiлiм нәрiмен сусындатып, тәлім-тәрбиe беруде, жақсы қасиeттерді бойына дарытып, адамгершілік рухын оятуда ұстaздың еңбегi зор. Сондықтан да ол әрдайым құрметті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Тaрыдaй болып кiргeн күнiңiздeн бaстaп мeктeп қaбырғaсындa сiздiң eркeлiгiңiздi көтeрeтiн дe, қaтeлiктeрiңiздi кeшiрeтiн дe, сaбaқ бeрe отырып сүйiспeншiлiккe бaурaйтын дa, мaхaббaтқa тәрбиeлeйтiн дe, өмiр сүрудiң қыр-сырын үйрeтeтiн дe ұстaздaр қaуымы. Тaудaй болып шыққaн күнiңiздe дe тaлaбыңызғa тiлeкшi болып отырaтын ұстaз.                              

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талап зор. Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеуші, ойшыл, білімді де білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын маман. Сонымен қатар, ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Жaһaндaну зaмaнындa ұлттық бәсeкeгe қaбiлeттi болудың көрсeткiшi оқу дeңгeйiмeн өлшeнeдi. Сондықтaн, әлeмдiк бiлiм кeңiстiгiнe кiрiгiп, бiлiм бeру жүйeсiн хaлықaрaлық биiккe көтeру кeзeк күттiрмeйтiн өзeктi мәсeлe. Қазақ халқының алпауыт мемлекеттермен терезесі тең болуы үшін ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», – деген сөзін ескерсек, еліміздің ертеңі ұстаздан бастау алатыны сөзсіз.

Егемен елдің ұстазға берген әр мүмкіндігі оның оқушыға білім беруінде зор үлес әкелетіні екі бастан белгілі дүние. Талапкерге шығармашылық қадам арқылы түсіндіру мен баяндаудың арқасында дарынды, алғыр балалар көбейе түспек. Ұстаздың әдісі мен шығармашыл тұсы қаншалықты дамыған болса, соншалықты мектепке келетін оқушылар да соғұрлым білімді болатыны рас. Сол себепті, ең алдымен, білім ордасына педагогиканың қыры мен сыры мол әдістемесінен молынан хабардар мұғалім керек.

Ұстаз сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білік-білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, оқушының тез тілін табуымен, кәсібіне деген құрметімен педагогтың мәртебесін асқақ етіп ұстай алмақ. Бүгінгі қоғамға керегі де дәл осындай ұстаз. Технократтық ғасырдың заманауи ұстаздары өз ісінің әр тетігін жете меңгеру жолында кәсіби шеберлікті толық меңгере алса ғана қоғамымызды байытып, дамытып, жаңартып, мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Мұғалім ретінде өзім де үнемі ізденіс үстінде боламын және педогикалық жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушыларымды білім нәрімен сусындата бермекпін.

Ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан болады» деп айтып кеткені белгілі. Осындай қасиет пен құрметке лайық ұстаз болған жөн. Балаға деген шексіз махаббаттың иесі болған мұғалім өз еңбегінің жемісін көрмек.

Өркен ФРИДАНОВ,

№28 IT мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы

Алматы облысы