Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ТАЛДЫҚОРҒАНДА РЕФЕРЕНДУМ ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 02.06.2022
Оқылды: 2084
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорғандағы Ардагерлер үйінде "Референдумды халыққа түсіндірудің механизмі" тақырыбында дебат өтті.

Дебат барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты мәселелер талқыланды. Парламенттің рөлін арттыру, халықтың сайлау құқығын жетілдіру, партиялық тізіммен қатар мажоритарлық жүйенің енгізілуі, Президенттің саяси партиялардың бәріне ортақ болуы үшін бір партияның мүшесі болудан бас тартуы сияқты өзгерістер туралы жиналғандар өз пікірін білдірді.

Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі және Талдықорған қаласының Жастарға қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен өткен шара соңында дебатта белсенді қатысқандарға Алғыс хат табысталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"