ЕЛ-ЖҰРТ ДӘН РИЗА. ҚАНАБЕК АУЫЛЫНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Уақыты: 03.08.2022
Оқылды: 1345
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қанабек ауылдық Мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді.

Жалпы аумағы 659 шаршы метрді құрайтын 150 орынды мәдениет ошағы 1989 жылы салынған. Мамыр айының алғашқы күндері бастау алған жөндеу жұмыстарын «Tech story company» ЖШС жүргізді. Жалпы сомасы 3 млн.теңге қаражат жұмсалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде  мәдениет ошағының жылыту қазандығы толықтай ауыстырылып, ғимараттың ішкі, сыртқы қабырғалары әктеліп, есіктері жаңаланды. Сонымен қатар, ғимараттың кіреберіс баспалдақтары да қалпына келтірілді. Халыққа рухани азық сыйлайтын киелі шаңырақта бүгінде 5 адам жемісті еңбек етуде.

Аталған ғимаратта ауылдық кітапхана да орналасқан. Жөндеуден өткен мәдениет ошағында бас қосқан мекеме ұжымы мен ауыл халқы дән риза. Олар өңірдің мәдениет саласына көңіл бөліп, игі істің бастамашысы болып жүрген облыс және аудан басшылығына алғыс білдіруде.

Әмір САНА

Қаратал ауданы,

Жетісу облысы